Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов: Коронавирустың жаппай таралуы қазір еліміздің ауыл-аймақтарында байқалып отыр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирустың таралуы әсірісе, елді мекендерде жиі байқалып жатқандығын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр осы аптадағы Қазақстандағы коронавирус жұқтыру көрсеткіші 9-12% екендігін алға тартты. Сөзінше, қазір ауылдардағы жағдай қатты алаңдатып отырған көрінеді. 

"Соңғы күндері енгізілген карантиндік шаралар жақсы әсер етіп жатыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында инфекцияға шалдыққандардың өсімі төмендеп, оң нәтиже байқалуда. Ары қарай да карантиндік шаралар күшейтіледі. Басқа өңірлерде коронавирус жұқтырған науқастардың арасында өсім бар.

Өкінішке орай, Түркістан және Қызылорда облыстарында тек қалада емес, ауылдық жерлерде де науқастар тіркеліп отыр. Ол жақтағы кейбір азаматтар бізге сенбейді. "Коронавирус инфекциясы бізге жетпейді, біз оны көрмейміз" деп ойлайды. Бірақ бүгінгі күні аймақтардағы жағдай қатты алаңдатып отыр. Сол себепті карантин шараларын күшейту қажет. Мүмкін болғанша үйден шықпау керек", -деді Біртанов. 


Қазақстанда 28 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

STAN.KZ
Жұма, 03 Сәуір, 2020 15:13
Талқылау