Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші болып шағымданыңыз: Адвокат қазақстандықтарға төбелестен кейін не істеу керегін айтты

Қазақтандық адвокат танымал блогер Әлішер Елікбаевтың басынан өткен оқиға туралы айтып, мұндай жағдайда не істеу керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жұдырық

Әлішер Елікбаев інісі Ілияс, қарындастары және күйеу баласымен бірге Шашкина көшесінде орналасқан мейрамханада тамақтанып отырған. Арт жағындағы үстелге әйелі және баласымен бірге ер адам, 6 қыз жайғасқан. Бір уақытта ер адам боғауыз сөздер айтып, қыздарға дауыс көтере бастайды. Әлішер Елікбаев күзетшілер мен даяшылардан көмек сұрайды. Алайда бұл әрекетінен түк шықпайды. 

«Ілияс мәдениетті түрде адамдарды тәртіпті болуға шақырды. Ер адам оның сөзіне құлақ аспады. Осыдан кейін Әлішер дөрекілеу түрде одан аузын жабуын сұрайды. Ер адам дастархан басынан тұрып, Әлішерге қарай жүреді. Ал Ілияс оған қарама-қарсы барады. Олар жаға жыртысты. Жиналған жұрт ажыратты. Әлішер полиция шақырып, тәртіп сақшылары келді», - дейді ол. 

Әлішер інісімен бірге Бостандық ауданының полиция басқармасында түнейді. Адвокаттың айтуынша, полицейлерге оның көлігі мен ақсүйектерге тән сырт келбеті ұнап қалған. Олар төбелеске аса қызығушылық танытты. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

«Мен барымды Әлішер есіне кеш түсірді. Бұрын-соңды оның отбасы мұндай жағдайға тап болып көрмеген екен. Сол сәтте полицейлердің бар кінәні Әлішер мен інісіне жаппақ болғаны белгілі болды», - деді ол. 

Әрі қарай Жохар Утебеков полицейлердің сот-медициналық сараптамадан өтуге немесе мейрамханадан видеоны алу үшін еш әрекет жасамағанын айтты. Әлішер мен інісіне қатысты іс тоқтатылғанымен, төбелеске себепші азамат жазаланбаған екен. 

«Біріншіден, Ілияс орнынан тұрмауы керек еді. Полиция мен сот жәбірленушілердің үнсіз таяқ жеп отырғанын қалайды. Екіншіден, Әлішер қорғаштаған қыздар жоқ болып кетті. Жақсы, олар қорқып қалған шығар. Алайда кейін хабарласып, істің мән-жайын білуге болатын еді ғой», - деді адвокат. 

Осы орайда Джохар Утебеков төбелестен кейін қандай әрекет жасау керектігін жіпке тізді. 

«Адвокаттың контактілері болсын, оны тауып алыңыз. Адвокатсыз ешбір сұраққа жауап бермеңіз. Екіншіден, ауруханаға барып, сот-медициналық сараптамадан өтіңіз. Үшіншіден, куәгерлерді суретке түсіріп, олардың аты-жөні мен нөмірлерін жазып алыңыз.

Төртіншіден, бейнебақылау камераларынан видеоларды алыңыз. Мұны полициядан талап етіңіз. Кінәлінің үстінен бірінші болып арыз жазыңыз. (...) Адамдарды сөзбен және күшпен қорғау – қымбат нәрсе. Алғыс та күтпеңіз. Бұл Қазақстан, балақай!» - деп сөзін аяқтады адвокат. 

Талқылау