Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Алласын танығанына біраз болды": Досы Берік Айтжановтың құпиясын ашып қойды

Берік Айтжанов гонорарының қымбат екеніне қарамастан террорист рөлінен бас тартты. Бұл туралы актердің жақын досы Күнсұлу Тұрғынбекқызы Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

Берік Айтжанов

Өзі де, дауысы да, қылығы да тәтті актриса Күнсұлуға қыздары ұқсаса деп армандайтын дос, бауыр, әріптестері өте көп. Бүгінде актрисаның отызға жуық кіндік баласы бар. 

«Кіндік шешенің міндеті аз емес қой. Оның екі дүниеде жауапкершілігі көп. Ол баланың дұрыс жүруі, тәрбиесіне де мән беру ата-анасынан бөлек кіндік әке-шешеге де жүктеледі. Ата-анасының қолынан келмеген кей материалдық, моральдық жағдайларға да қолдау көрсету кіндік әке-шешенің парызы секілді қалыптасқан. Көп адамдар кіндік анасы болсаңыз деп айтады. Бірақ, мен мәдениетті түрде бас тартамын», -  дейді. 

Айтпақшы, талғамы да, гонорары да өте қымбат актер Берік Айтжановтың ерке қызының да кіндік анасы атаныпты.

«Менің дос қызым Әйгерім Берік Айтжановтың жолдасы.  Достықтан бөлек туыстық қарым-қатынасты арттыру мақсатында олардың да қыздарына кіндік шеше болдым», - дейді актриса. 

Достарының жетістіктеріне әрдайым қуанатын актриса алғаш рет әріптесі Берік туралы сырды ақтарды. 

«Беріктің тура жолға түсіп, намаз оқып, Алласын танығанына да біраз болды. Берік өте айқайлап жақсылық жасайтын адам емес. Өте қарапайым әрі ұялшық адам. Бүгін ғана бір таныстарымыз баласының тұсауын Берікке кестірсек деп хабарласты. Мен сол өтініштерін жеткізген кезде Берік «Мен баланың тағдырына араласып, тұсауын кесетін жағдайға жеттім деп ойламаймын. Әлі де болса иманымды күшейтіп алайын. Кейін бір реті болар, Көнебай» деп қояды. Ал, Әйгеріммен жақсы сырласамыз», - деді ол.

Кезекті кездесуде Әйгерім жолдасының шешімі туралы қобалжып құрбысымен бөліскен. Сол сырды бүгін Күнсұлу ханым алғаш рет оқырманмен ортақтасуды жөн санады. 

«Әңгіме барысында бір рөлден бас тартқаны туралы айтып қалды. «Бір мұсылман-терроистің рөлін ұсынған. Қаржысы өте қомақты. Бірақ, ол рөлден бас тартты» деп қуаныштан жылап айтқан еді. Біз гонорардың бағасын емес, иманның өскені туралы айттық. Соған қуандық. Бәлкім, рұқсатсыз құпиясын көпке айтқаным үшін ренжитін шығар. Алайда, ақшаны емес, адамгершілікті биік қоя білген игі жақсы қадамды жария еткен абзал деп ойлаймын. Жақсының жақсылығын айт – нұры тассын деген осы шығар», - дейді Күнсұлу Тұрғынбекқызы. 

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"

Жас қыз антибиотик қабылдағаннан кейін қаны көк түске өзгеріп кеткен

Ол әлсіреп, тыныс алуы қиындағанын сезіп, терісінің түсі өзгергенін байқаған
Çàãðóçêà...