Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусьтегі жағдай қалай болмақ? Сарапшылардың пікірі

Беларусьтің ірі қалаларында наразылық шерулері, қауіпсіздік қызметкерлерімен қақтығыстар жалғасуда. Елдегі қантөгіс жалғаса ма, жоқ па, Ресей мен Батыс қалай жауап береді, ВВС-дің орыс бөлімінің журналистері сарапшылармен сөйлесті.

Саясаттанушы Алексей Дзермант билік диалогты бастауы мүмкін деп санайды.

"Қандай делдал билік үшін де, наразылық білдірушілер үшін де қолайлы болатынын қарау керек. Мен оны әлі көріп отырған жоқпын. Бірақ бұл делдалдың ішкі, жергілікті болғаны жақсы - сыртқы араласуға, сыртқы әсерге жол бермеу үшін", - дейді ол.

Президенттікке үміткер болған Андрей Дмитриев билік наразылық білдірушілермен келіссөздер жүргізер алдында бірқатар шарттарды орындауы керек дейді.

"Бұл бітімге келу әрекеті деп үміттенемін, бірақ мен биліктің кешірімі бізге жеткіліксіз деп айта аламын. Олар біздің аяғымызға жығылмады - адамдарды ұрды, бейбіт адамдарға қарсы күш қолданды, сайлауды бұрмалады", - дейді Дмитриев. - Сондықтан біз бүгін кешірім күтпейміз. Бүгін біз осы күндері ұсталғандардың барлығын және сайлау алдындағы науқан барысында саяси тұтқын болғандардың бостандығын күтеміз. Біз күш қолданудың, ұрып-соғудың әр жағдайы бойынша тергеуді күтеміз. Біз күш министрлері мен ОСК мүшелерінің осындай жағдайға жол бергені үшін отставкаға кетуін күтеміз. Біз дауыстарды қайта санауды немесе жаңа сайлау жариялауды күтеміз".

Бірқатар батыс мемлекеттері мен ЕО құрылымының басшылары ресми Минскіні демонстранттарға зорлық-зомбылық жасағаны және адам құқықтарын таптағаны, басқа да бұзушылықтар үшін қатты сынға алды.

Айта кетейік, осы жолғы президенттік сайлауда батыстық бақылаушылар болған жоқ - Беларусь билігі оларға уақтылы шақыру жіберген жоқ.

Минскідегі сарапшылар беларусьтік сайлауды Батыс халықаралық демократиялық стандарттарға сай деп танымайтынын білді. Бір айта кететіні, Лукашенконың жеңісі жарияланған сайлаулардың ешқайсысы, 1994 жылы өткен алғашқы сайлаулардан басқа, жеткілікті дәрежеде бағаланбаған.

"Беларусь билігі ешқашан халықаралық қоғамдастықтың реакциясына тым көп көңіл бөлмеді. Енді қазір Лукашенко бізді санкциялармен қорқытудың қажеті жоқ екенін айтты, біз санкциялардан қорықпаймыз", - дейді сарапшы Андрей Федоров.

"Шынымды айтсам, Батыстың қабылдауы мүмкін өте маңызды шараларды көрмей отырмын. Барлығы жеке шектеулерге, белгілі бір шенеуніктер үшін визалық шектеулерге оралады. Бірақ мен бұл Беларусь билігін Батыстың пікірін және халықтың наразылық білдіруші бөлігінің пікірін ескере отырып, қысым жасауға мәжбүр ететін күшті қысым тетігі екеніне сенімді емеспін", - деп жалғастырады сарапшы.

Федоровтың пікірінше, Ресей күтпеген әрекеттер жасамайды және Лукашенконы осы сайлау науқаны кезінде Мәскеуге қатысты айтқан сөздеріне қарамастан "қалыпты түрде қолдайды".

"Мәскеудің нақты мақсаты - Лукашенконы нақты инкорпорацияға дейін интеграцияны тереңдету туралы "жол картасына" қол қоюға келісетіндей етіп әлсірету. Ресми түрде, мүмкін, тәуелсіздік сақталады, бірақ Мәскеудің айқын арманы - Беларусьті толығымен бағындыру", - дейді сарапшы Андрей Федоров.

Светлана Тихановская алдағы демалыс күндері,15 және 16 тамызда Беларуссияның барлық қалаларының әкімдеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды ұсынды.
"Біз Беларусь қалаларының көшелеріндегі зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз керек", - деді ол Литвадан жолдаған үндеуінде.

Талқылау