Байзақова көлігін соққан кісінің жағдайы мен материалдық шығын жайлы айтты
Кеше жол апатына ұшыраған Айжан Байзақова өзінің көлігін соққан кісінің жағдайы мен материалдық шығын жайлы айтты. Айжан жүрегі нашарлағандықтан, ол адамның кінәсі жоқ екенін алға тартты. Көлігіне едәуір зақым келсе де, Айжанның ол кісіден шығын өндіретін ойы жоқ. Блогер керісінше ел болып, басына іс түскен азаматқа көмектессек деген ниетте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұған дейін Байзақованың жол апатына ұшырағанын жазған едік. Ол жолда жүрегі нашарлаған адамға көмектеспек болып тоқтаған. Сол сәтте есін жиып үлгермеген ер адам газды басып, Айжанның көлігін соғып кеткен.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері