Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі газ құю станцияларын тексерді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 193 бөлшек автомобильге газ құю станциясына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстарының 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі. Агенттік 44 нарық субъектісінің әрекеттерінде келісілген әрекет және картельдік сөз байласуды ұйымдастыру фактілерін анықтады.
“Сонымен қатар қазіргі кезде прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 32 нарық субъектісіне қатысты әкімшілік істер қозғады, материалдар сотқа жіберілді, – делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 7 нарық субъектісі бойынша материалдарды қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қарау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жіберді.
Атырау облысында 2 нарық субъектісі бойынша таяу арада әкімшілік істер қозғалатын болады.
Сонымен қатар прокуратура органдарынан қадағалау актілері келіп түскен жағдайда, басқа тергеп-тексерулер бойынша әкімшілік істер қозғалады.
Қалған нарық субъектілері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
