Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы құтқарған 2-сынып оқушысы сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

2-сынып оқушысы Виктор Новоселов 4 жасар баланы құтқарғаны үшін марапатталы. Ол алған сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ.

Баланы құтқарған 2-сынып оқушысы сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Izgi-jurek.kz сайтында бір ай бойы өзгенің өмірін құтқарғандарға дауыс беру шарасы жүрді. 

Өскеменде "Казцинк" әрбір жеңімпазға "Iзгi жүрек" ескерткіші мен 500 мың теңге сыйақы табыстады. 

"Казцинк" атынан 2-сынып оқушысы Виктор Новоселов марапатталды. Ол суға батқан 4 жасар баланы құтқарып қалды. Ұйымдастырушы комитет оқушыны байқаудан тыс марапаттауды жөн көрді. 

"Витя мұны адамгершілік әрекеті деп біледі. Қазір ол жас құтқарушылар мектебіне баруға дайындалып жүр. "Біз мектепке жол" науқанына қатысамыз. Ұлым алған сыйақысын мұқтаждарға беруді ұйғарды. Біз де қолдадық. Бұл ақшаға оған балаларға арналған кіші лаборотория немесе роботтолған техника жинағын алып береміз деп ойлаймын", - деді анасы  Наталья Новоселова. 

Талқылау