Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға қарбыздың қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері балаларға қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адамды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметінің мәліметінше, ер адам бұл бейнені 2019 жылдың тамыз айында түсірген, бірақ оқиға қазір ғана көпшілікке мәлім болды. Тіпті балалардың ата-аналары да болған жағдай жайлы білмеген, қазір олар құқық қорғау бөлімінде.

"Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Полиция балаларды да тапты. Олардың ата-аналары құқық бұзушыны жауапқа тарту үшін полицияға жүгінбек", - деді Түркістан полиция басқармасында.

Кейін белгілі болғандай, балалардың ата-аналарының арызы қабылданған. Ер адамға 389 бап бойынша іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде ер адамның екі баланы қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген видеосы әлеуметтік желілерде таралған еді.

 

STAN.KZ
Жұма, 03 Шілде, 2020 20:00
Талқылау