Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбыздың қабығын жегізіп қойған: Балаларды келемеждеген видео желіде тарады

Белгісіз біреу екі баланы қарбыз қабығын жеуге мәжбүр етіп, мұның барлығын видеоға түсіріп алған. Бұл желі қолданушыларының арасында негативті реакция тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде балалармен түскен видео таратылды, пікір білдірушілердің айтуы бойынша балаларға қорлық көрсетілуде. Видеода ер адам балаларды жерде жатқан қарбыз қабығын жеуге мәжбүр етуде. Сонымен бірге ол қазақ тілінде: "Сиыр сияқты жеңдер" деп, кішкентай балаларға бұйрық беруде.

 

Хабарламаның авторы балалардың өрістен қарбыз ұрлап әкеткенін айтып, сол үшін оларды осындай жолмен жазаланғанын алға тартты. Бұл оқиғаның нақты қайда орын алғаны белгісіз.

"Бауырым, жас балалар ғой. Өзің ойнап ұрламадың ба? Одан да ұстапсың, әке-шешесіне апарып, айтпайсың ба? Ішін айдап, өліп қалса қайтесің? Кешірімді болайық. Ұят-ай", - деп пікір қалдырп жатты желі қолданушылары.

Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл іс бойынша Қазақстанның ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жіберілгенін айтты. Саин бұл жағдайды тез анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі деп үміттенеді.

"Біз мұның қайда болғанын білетіндердің барлығынан [email protected] немесе BALA QORGAY Telegram чатына жазуды сұраймыз", - дейді өкіл.

 

Талқылау