Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар үшін қорқамыз": Жетісу облысында оқушылар кешкі 8 жарымға дейін оқуға мәжбүр

Алматы облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласының ата-аналары дабыл қағуда. Екінші ауысымда білім алатын оқушылар кешкі 20:35-ке дейін сабақта болуға мәжбүр. Түнгі уақытта үйге қайтатын балалары үшін үлкендері алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екінші ауысымдағы оқушылардың сабағы түскі 14:30-да басталады. Жоғарғы сыныпта білім алатын балалардың оқу кестесінде күніне 7 сабақ өтеді, сол себепті олар үйлеріне күн батысымен бірақ қайтады. Бұл жағдайға ата-аналары  қатты алаңдаулы. 

"Бұл жағдайға қандайда бір шара қолданбаса болмайды. Құдай сақтасын, бірақ балаларға түнгі уақытта қайту қауіпті ғой. Мектеп басшылығына да бірнеше рет айттық, алайда ешқандай шара қабылданар емес" - дейді ата-аналар. 

Ал Панфилов аудандық білім бөлімінің өкілдері бұл жағдай қалыпты дейді. Егерде ата-аналар балалардың үйлеріне ертерек қайтуын қаласа, тиісті органдарға өтініш жазуы тиіс. 

"Бірінші ауысымда білім алатын оқушылардың сабағы 14:10-да аяқталады. Эпидемиологиялық талаптарға сай кабинеттерді тазарту қажет. Егерде ата-аналар сабақ кестесін өзгертеміз десе білім бөліміне мектептің мекенжайын көрсетіп, өтініш жазуы тиіс. Содан кейін, оқушылар 6-күндік оқуға ауыстырылады. Осы шараларды қабылдау нәтижесінде, соңғы сабақ 18:00-де аяқталатын болады" - деп жазылған білім бөлімінің ресми хатында. 

Жалпы, Жаркент қаласы бойынша кешкі уақытта үйлеріне бірнеше мектеп оқушылары қайтуға мәжбүр. Әзірге білім бөліміне ата-аналар тарапынан өтініш келіп түспеді.

Талқылау