Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Тәліптер Ауғанстанның жаңа министрлерін тағайындады

"Талибан" лаңкестік ұйымының ресми өкілі үкіметке жаңа тағайындаулар жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Khaama Press басылымына сілтеме жасап.

Радикалды қозғалыс өкілінің айтуынша, министрлер кабинетін құру бойынша арнайы консультациялар аяқталды, нәтижесі жақын арада жарияланады.

"Талибан" қозғалысының саяси қанатының жетекшісі молда Абдул Ғани Барадар Ауғанстанның сыртқы істер министрі (СІМ) болып тағайындалды. Сондай-ақ елдің қорғаныс министрлігінің басшысы қызметін қозғалыстың жетекшісі молда Омардың баласы молда Якуб алады. Радикалдардың жоғары басшыларының бірі Джалалуддин Хакканидің ұлы халифа Хаккани Ішкі істер министрі болады.

Талибандар Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай мен бейбіт келіссөздердің бұрынғы қатысушысы Абдулла Абдулланы Ауғанстанды өтпелі кезеңде басқаратын 12 адамнан тұратын кеңес құрамына енгізді.

Агенттік жақын арада Ауғанстан үкіметінің толық құрамы белгілі болатынын айтты.

"Үкімет алдағы бірнеше күнде құрылады. Біз бұл процесті 90-95 пайызға аяқтадық және соңғы нәтижені жариялаймыз", – деді Талибан өкілі Анас Хаккани.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды алғаннан бері бірінші рет өз көшбасшысының суретін көрсетті.

17 тамызда Талибан содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 15:58
Талқылау