Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатының финалына бес қазақстандық боксшы жолдама алды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметі

Шри-Ланка астанасы Коломбода жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 20 мамыр күні жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы күні рингке шыққан Қазақстан жастар құрамасының алты боксшысының бесеуі жеңіске жетіп, құрлық біріншілігінің финалына жолдама алды.

Төрт қазақстандық боксшы қарсыластарын техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңсе, тағы біреуі ұпай санымен басым түсті. Бір спортшымыз ғана Қырғызстан өкілімен болған тартысты жекпе-жекте есе жіберді.

Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы нәтижелері:

63,5 кг: Мұхит Нұрқабылұлы — Зияд Әл-Шехри (Сауд Арабиясы) — екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс
67 кг: Сұлтан Тұрдалы — Раян Аваджи (Сауд Арабиясы) — екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс
75 кг: Жасұлан Бердалы — Санчитха Кавиш Перера (Шри-Ланка) — бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс
80 кг: Игорь Соловьёв — Абишек Сингх (Үндістан) — екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс
86 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай — Азирет Автандилов (Қырғызстан) — төрешілер шешімімен 2:3 есебімен жеңіліс
+92 кг: Бексұлтан Қайратұлы — Орхан Агаев (БАӘ) — 3:2 есебімен ұпай санымен жеңіс

Осылайша, Қазақстанның бес жас боксшысы Азия чемпионатының финалына өтті. Турнирдің шешуші кезеңі алдағы күндері өтеді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 15:36
Талқылау