Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді

Әзірбайжанда коронавирустық инфекцияның алғашқы оқиғасы тіркелді, оны министрлер кабинеті жанынан құрылған вирусқа қарсы жедел штаб жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

коронавирус

Әзірбайжанға Ираннан келген Ресей азаматынан коронавирус анықталды, деп хабарлады республика үкіметінің жанындағы жедел штаб.

"Ол арнайы режимдегі жұқпалы бөлімге орналастырылды. Ресейлік азаматтан коронавирустың инфекциясы сынақтамамен расталды, науқастың жағдайы қазіргі уақытта тұрақты. Вирустың таралуын болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдануда, оның ішінде науқас байланысқа шыққан адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді штаб өкілдері.

Бұл Әзірбайжанда бірінші рет жұқтыру оқиғасы екенін айта кеткен жөн.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, материктік Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 79 мың адамға жақындап қалды, 2778 адам қайтыс болды, 36 мыңнан астамы емделді. Қытайдан тыс жерде, 46 елде жұқтыру оқиғалары тіркелді, жұқтырғандар саны 3664-ке жетті, 57 адам қайтыс болды.

Иранда вирус жұқтырғандардың саны күніне 100 адамға артып, 388-ге жетті. 34 науқас қайтыс болды.

Талқылау