Әзірбайжан президенті AZAL ұшағының әдейі атып түсірілгеніне сенбейтінін жеткізді
Фото: ТЖМ
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының ұшағын қасақана атып түсірді деп есептемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Әзербайжанның негізгі талабы, фактіні ресми түрде мойындау, кінәлілерді жазалау және толық көлемде өтемақы төлеу екенін жеткізді.
Айта кетейік, апат 2024 жылдың соңында Ақтау маңында болды. Баку–Грозный бағытымен ұшып бара жатқан ұшақта 67 адам болған. Олардың 38-і (негізінен Әзербайжан азаматтары) қаза тапты. Қайғылы оқиға алдында әуе кемесі Ақтау әуежайының үстінен бірнеше ретайналып өткен. Пилот 7 700 дабыл кодын беріп, қосалқы әуежайға қонуға сұрау жіберген.
Әзірбайжанда Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған экипаж мүшелерімен қоштасу рәсімі өтті
Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.
Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Алиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сеніммен айта алатынын жеткізген.

"Пәтер алуға ақша жинап жүрген, бірақ үлгермеді": Үстіне ағаш құлап мерт болған әйел жайлы әріптестері естеліктерін бөлісті
