"Ресейдің зымыраны соққан": Әзірбайжан басылымы Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жақыннан түсірілген фотоларын жариялады
Әзірбайжанның AnewZ басылымы 25 желтоқсанда Ақтауда қайғылы апатқа ұшыраған AZAL ұшағының эксклюзив фотоларын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, фотоларда оқ іздері, соның ішінде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев айтқан нұсқаны растайтын дәлелдер бар.

Әзірбайжан үкіметінің хабарлауынша, ұшақты Грозныйға жақындап келе жатқанда "Панцирь-С" зымыраны соққан. Министр Рашад Набиев зымыран шабуылы фактісін растады, ал Ильхам Әлиев кінәсін мойындауды, кінәлілерді жазалауды және қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеуді талап етті.

Бұған дейін Әзірбайжан президенті Ресейге үш талап қойған еді.



"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен