Қазақстанда грантын өтемеген студенттерден 5,7 миллиард теңге өндірілген
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда грантта оқыған студенттерден 5 миллиард 700 миллион теңге өндірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік білім грантымен тегін білім алып, түрлі себептермен мамандығы бойынша жұмыс істемеген немесе жұмыс істеуден бас тартқан жас мамандар бюджет қаржысын қайтарып жатыр.
Қаржы орталығының дерегінше, 10 жылда соттар шығынды өтеуге қатысты 6 мыңнан астам шешім шығарған. Осылайша, мемлекет алдындағы міндетін орындамаған студенттер қазына қаржысын қайтаруға міндеттелген. 2014-2025 жылдар аралығында жас мамандар 5 миллиард 300 миллион теңге көлеміндегі оқу шығындарын төлеген.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік грант бойынша білім алған студент 2,5 миллион теңге оқу ақысын қайтаруға міндеттелгені туралы жазған едік.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді