Демеу Жадыраев әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады
Фото: instagram.com/qaz_team_official
Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев ширек финалда жарыс жолынан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
77 келіге дейінгі салмақтағы бәсекеде ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, жапон балуаны Нао Кусакаға қарсы күресті. Тартысты өткен кездесуде Жадыраев 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осыған дейін ол 1/8 финалда серб спортшысы Алекса Иличті айқын жеңіп, жанкүйерлеріне сенімді жеңіс сыйлаған еді.
Жадыраев спорттық жолында бірқатар ірі жетістіктерге жеткен. Ол – 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы және 2018 жылғы Азия чемпионатының күміс медаль иегері.
Егер жапон балуаны Кусака финалға шықса, Демеу Жадыраев қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болады.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді

