Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды: Әкем анамды алып кететіндей көрініп тұрады

Танымал актер Азамат Сатыбалды анасына жантебірентерлік жазба арнады. Өнер иесі әкесі дүниеден кеткеннен кейін, анасының қадіріне жете түскенін айтады. Ол бүгінде анасын бүкіл әлемнен, тіпті әкесінен қызғанатынды шығарған. Актер анасынан айырылып қалудан қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әкем дүниеден өткеннен кейін, анаммен өткізген әрбір сәтті бағалаймын.
Анамның таңертең әдемі жымиып, маңдайымнан сүйіп, “айналайын”
деген бір ауыз сөзі, мен үшін баға жетпес бақыт.

Анамның әкемді сағынып жүргенін іштей сеземін. Сол сағынышын сәл болса да басу үшін құшақтап сүйе беремін. Қалай аяласам да, әкемнің
“Әй кемпір жүр шәй ішейік” деген бір ауыз сөзіне жетпейтінін тағы білемін.

Бұл енді заңдылық. Қазір анамды қызғанатынды шығардым. Бәрінен қызғанамын. Ешкімге бергім келмейді, тіпті әкеме де.



Өйткені әкем алып кететіндей көрініп тұрады. Әкемнен іштей анамды шақырмашы деп сұраймын. Әкемді де жақсы түсінемін. Сағынып жатқан шығар.

Бірақ менің әкем ақкөңіл, өте кең адам болған. Анамның балаларының ортасында ойнап күліп жүргеніне қуанбаса, қарсы болмайды.
Осының бәрі Алланың құзырында екенін жақсы білемін.
Менікі бір пендәуи қиял ғой", – деп бөлісті Азамат. 

Әлеуметтік желіде анда-санда байланысқа шығатын актердің бұлай жазба арнауы бекер емес. Актер осылайша анасын туған күнімен құттықтағысы келген.

Талқылау