Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сені жіберетін уақыт жетті": Әлия Әнуарбек марқұм күйеуіне арнап деректі фильм түсірді

Әлия Әнуарбек марқұм күйеуі Азаматқа арнап деректі фильм түсірді. Туынды әзірге Азамат пен Әлияның жақындарына ғана көрсетілді. Актриса қалың көпшілікке жария ету жайлы әзірге ойлануда, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлияның жары Азамат осыдан бір жыл бұрын, 17 қыркүйек күні өмірден озды. Бұл ретте ол жұбайына арнап жантебірентерлік жазба жариялады. 

"Сенсіз бір жыл өтті. Өткен жылы осы күні сен тірі едің деп енді айта алмаймын, өте мұңды. 

Бірақ білесің бе, мені не басады? Сен толыққанды өмір сүрдің, сүйдің және сүйікті болдың, ғажап өмір сүрдің. 

Сені жіберетін уақыт жетті. Қаламаймын, бірақ өзің белгі беріп жатқандайсың. Сен сыйлаған құлаққапты жоғалтып алдым. Оны таққан сайын, сені еске алушы едім. 



Бірақ адамды есте сақтау үшін зат керек емес. Сен ешқашан затқа байланбағансың. Естелік жүректе! Сен біздің жүрегімізде өмір сүресің!
Бұл естеліктер біздің жанымызды өмір бойы жылытып өтеді. Өмірімдегі ең бақытты жылдар үшін рақмет саған!" – деп жазды ол. 

Әлияның бұл жазбасы көптің жүрегін елжіретті. 

"Еске алатын адамдары барда адам тірі болып қала бермек. Ал сіздің жарыңызды ешкім ұмытпайды. Ол барлығының, тіпті оны өмірде танымаған біздің есімізде қалды. Сіздің арқаңызда, оның қандай мықты адам болғанын білеміз. Мықты болыңыз, Әлия! Сізге және ханшайымдарыңызға бар жақсыны тілейміз", – деп жазды оқырманның бірі. 

 

Талқылау