Мөлдір Әуелбекова 60-қа толған әкесіне джип мінгізді
Мөлдір Әуелбекова бауырларымен бірігіп, әкесіне джип мінгізді. Олар әкесінің 60 жасқа толуына орай осындай сый жасаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл қуанышымен Мөлдір Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Асқар тауым Есіркеп Қапайұлы 60 жасқа толды! Аллаға сансыз шүкір! Көңілін көтеріп, бала-шаға жиналып, джип мінгіздік! Тілектеріңізді жаудырыңыздар, оқып марқайып қалсын! Рақмет!" – деп жазба қалдырды ол.
Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова отбасында үш ағайындының ортаншысы. Оның Меруерт есімді әпкесі, Ерсұлтан есімді інісі бар. Әншінің өзі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Естеріңізде болса, жақында Ернар Айдар да әкесінің мерейтойына орай Lexus LX570 көлігін сыйлаған еді.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"