Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелі қоқысын жинаудан бас тартқан": Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде танымал продюсер Азамат Дулатов төбелес шығарды (видео)

Алматы қаласындағы сауда үйлерінің бірінде белгілі продюсер және оператор Азамат Дулатовтың қатысуымен жанжал орын алды. Журналист Михаил Козачков ұсынған мәліметке сәйкес, жанжалға продюсердің әйелінің қоқысын жинаудан бас тартуы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат Дулатов

Жазбада ойын-сауық орталығында алдымен продюсердің әйелі жанжал шығарғаны туралы айтылады. 

"Азамат Дулатовтың жұбайы балаларын алып келген және өздерімен бірге фаст фуд болған. Олар сол жерде тамақтануға рұқсат алған. Алайда әйел кетер кезде қоқысын жинаудан бас тартып, ұрыс шығарған әрі барлығының көзінше қоқысты жерге тастап, кетіп қалған", – делінген жазбада. 

Әйелімен бірге келген Азамат Дулатов мекеме әкімшісімен дауласып, арты төбелеске ұласқан.

"Бейнежазбадан Дулатовтың бірінші ұрғаны көрінеді, Каспи терминалын лақтырған. Кейін кері шегініп, әйелінің артына тығылып қалған. Осыған байланысты Азамат пен оның әйелінің әрекетінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жоқ па деген сұрақ туындайды", – деп жазды Михаил Козачков. 

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаменті екі тараптың да полицияға арызбен жүгінгенін мәлімдеді. 

"Алматы қалалық полиция департаменті хабарлағандай, бұл деректі қазір Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тексеріп жатыр. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Талқылау