Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркектер сөзінде тұрмайтын, тұрақсыз, еріншек болып кеткен": Белгілі актриса қоғамдағы өзгеріс туралы

Белгілі актриса қоғамдағы өзгеріс туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап. 

Әйелдер еркек сияқты: Белгілі актриса қоғамдағы өзгеріс туралыАйнұр Ілиясова қазіргі уақытта ер адамдардың мінезі өзгеріп, сөзінде тұрмайтын, тұрақсыз, еріншек, өзінше болып кетті деп өкініш білдірген. Әйел адамдармен жұмыс жасағанды жөн көретін актриса нәзік жандылар айтқанын орындайтын болған дейді. 

"Көп кездесулерге барамыз. Ер адамдармен жұмыс жасағанға қарағанда, әйелдермен жұмыс істеген жеңілірек. Қолыңды қысасың, ертең осы нәрселерді жасаймыз дейміз де келісеміз. Олар айтқанын бұлжытпай жасайды", - дейді Айнұр Ілиясова.

Ал соңғы уақыттары ер адамдардың бойынан көретін қасиеттерді әйелдерден көретін болып кеттім дейді ол. Өнер иесі осылайша ағынан жарылды.

"Еркектер көбінесе "Ертең, мүмкін содан кейін, жасай алмаймын, кейін көрейік" деген әңгіме айтады. Олармен жұмыс істеген қиындау. Ал әйелдер қазір еркек сияқты. Айта ма істейді", - дейді актриса Айнұр Ілиясова. 

Талқылау