Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық ер адам 2 миллион теңгенің уылдырығын «көшеден тауып алған»

Атыраулық полицейлер уылдырықта қала ішінде алаңсыз тасымалдаған азаматты ұстады. Күдіктінің сөзіне сенсек, ол осы жеңсік асты көшеден тауып алыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Атыраулық ер адам 2 миллион теңгенің уылдырығын «көшеден тауып алған»

Жергілікті азаматтың сөмкесіндегі уылдырық 14 пластикалық қорапқа бөліп салынған екен. Үйін тексерген кезде де тоңазытқыштан тағы екі қорап табылды. Тәркіленген қымбат тағамның жалпы салмағы – 8 келі. Қара базарда уылдырықтың бір келісінің 250 мың теңге екенін ескерсек, бұлардың жалпы құны 2 миллион теңгеге жуықтайды.

Қазір осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Оқи отырыңыз:

Семейде ер адам WhatsApp желісі арқылы порно видео таратқаны үшін сотталды

Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім қалай өзгереді

Талқылау