Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашақта талап етілетін мамандықтарды атады. Халықпен кездесу барысында келесі жылы ЖОО-на түсуге дайындалып жатқан оқушының анасы министрге сұрақ қойды. Қазақстандық әйел болашақта қандай мамандықтардың талап етілетініне қызығушылық танытты.

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

 

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Барлық мамандық сұранысқа ие болады. Жалпы мен философ мамандығын бітіргенмін. Қарап отырсаң ешкімге қажеті жоқ мамандықтың пайдалы болды. Гуманитарлық ғылымдарға ерекше көңіл бөлінуі керек. Өйткені мәселе бағытта емес, маңыздысы өз пәніңді терең білуде», – деп жауап берді Білім министрлігінің басшысы.

Сағадиев болашақта өз ісінің шеберлері сұранысқа ие болатынын түсіндірді.

«Стоматология, философия, психология, теміржол құрылысы – бәрі де сұранысқа ие болады. Мәселе, өз пәніңді қаншалықты жақсы білесің, студенттер немесе ғалымдардың рейтингісінде қандай орын аласың, осылар маңызды. Сондықтан мәселе пәнде емес, білімнің тереңдігінде»,-деді Білім және ғылым министрі.

Тағы оқыңыз: 

2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім қалай өзгереді

ҰБТ тапсыруда 2018 жылы қандай өзгерістер болады?

Алматыда жекеменшік емханадағы операциядан кейін сәби шетінеп кетті

Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды

Талқылау