Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Абу-Даби Плазадағы» төбелес: Астаналық азамат Facebook-та жағымсыз жазба қалдырып, түрмеге отырды

Астана қаласының тұрғыны Facebook желісінде шетелдік жұмысшыларға қарсы басқыншылық әрекеттер жасауға шақырғаны үшін сотталды. Күзде Елордада «Абу Даби Плаза» құрылыс алаңында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар арасында қақтығыс орын алған болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды

«Астана қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни наразылықты қоздыру» бойынша кінәлі деп танылды. Ол бейбіт кезде Facebook желісі арқылы азаматтарды тәртіп бұзып, күзетшілермен қақтығысып қалған шетелдік жұмысшыларды орнына қоюға шақырды», – деді Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Қанат Тобағалиұлы баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, сот төрағасы астаналық азаматтың кінәлі деп танылғанын және екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін, бірақ апелляциялық сатыдағы іс жазаны бір жылға қысқартқанын айтты.

Тағы оқыңыз: 

Әуелбекова басшы болып тағайындалған мекемеге Nazar тобын да кіргізіп алған

Кенжебек Мейрамбек Бесбаевтың домбырасын не себепті көтеріп жүретінін түсіндірді

Кенжебек: “Музартқа” алғаш келгенде ақтаулықтар белімізге қыстырған 2 мың долларды түгел мен алдым

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Талқылау