Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ер адам WhatsApp желісі арқылы порно видео таратқаны үшін сотталды

Семейде тыйым салынған видеоларды уатсап желісі арқылы таратқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты. 37 жастағы Нұржан Алдоңғаров бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол жүз сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Семейде WhatsApp желісі арқылы порно видео таратқан ер адам сотталды

Ол видеоларды «Семей-Ука- Павлодар» атауымен уатсапта құрылған топтағы қолданушыларға жіберген екен. Айыпталушы осы арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды жұртқа жеткізбек болған көрінеді. Сөйтіп, 24 видеоны таратқанын мойындады.

Бұл видеолардың қатарында адамды аяусыз өлтіру, экстремизмді насихаттайтын және порнографиялық сипаттағы роликтер бар. Ал мұны тамашалаған 260 желі қолданушыларының бірі оның үстінен полицияға бірден арыз түсіріпті. Әйтсе де, Нұржан Алдоңғаров видеолар өзіне әлеуметтік желі арқылы келгенін айтып, кешірім сұраған. Сондықтан сот үкім шығара сәтте оның кәмелет жасына толмаған екі баласының барын және жолдасының үшінші перзентке жүкті екенін әрі бұрын істі болмағанын ескеріпті.

Оқи отырыңыз:

Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім қалай өзгереді

ҰБТ тапсыруда 2018 жылы қандай өзгерістер болады?

Талқылау