Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бейтаныс әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шымкентте бейтаныс әйелді артынан теуіп, соққыға жыққан ер адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Жоғарғы соттың хабарлауынша, апелляциялық тәртіпте іс жәбірленуші тараптың жазаны нақты бас бостандығынан айыруға өзгерту туралы арызы негізінде қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скрин

Бірінші сатыдағы сотта оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша (бұзақылық жасағаны үшін) кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Мемлекеттік айыптаушы мен сотталушы үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

"Бұл қылмыс жеңіл қылмыстар санатына жатады. Сотталғанның III топтағы мүгедек екені анықталды. Ол істеген әрекетіне шын жүректен өкініп, кінәсін мойындаған. Бұрын сотты болмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Осыған байланысты cот алқасы бас бостандығын шектеуді сотталған адамды түзеу үшін қажет және жеткілікті жаза деп санады", – делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, биылғы ақпан айында белгісіз ер адам еш себепсіз әйелді ұрып-соққан еді. 50 жастағы ер адам Қызылорда облысының тумасы болып шықты, III топтағы мүгедектігі бар.

Сот отырысында ол бейтаныс әйелді неліктен ұрғанын түсіндіре алмады. Сонымен қатар ол оқиға кезінде мас болғанын айтты.

Талқылау