Атырауда «Аналар үйіндегі» әйел өз көршісін ұрып тастаған
Атыраудағы «Аналар үйінде» өз көршісін ұрып тастаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық әкімшілік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Іс Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қаралды. Оқиға ақпан айының басында Горький көшесіндегі «Аналар үйінде» орын алған.
Сотта белгілі болғандай, әйел өзінің бөлмелес көршісін ұрып тастап, оған ыстық сорпа құйылған тәрелке лақтырып, шашын сүйреген. Сондай-ақ, оны балағаттаған екен. Зардап шегуші жеңіл түрде дене жарақатын алыпты.
Сот айыпталушыға 25 253 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.
Айта кетсек, «Аналар үйі» жобасы 30 жасқа толмаған жүкті қеліншектерге немесе баласы бір жарым жасқа толмаған және қиын жағдайға тап болған келіншектерге көмектеседі.
Оқи отырыңыз:
Астанада құлаған лифтіге байланысты әкімнің орынбасары кешірім сұрады
Мешіт имамының шетелдік актрисаға көзқарасы көпшіліктің қызу талқысына түсті