Конституция есімді қанша қазақстандық бар екені белгілі болды

Фото: stat.gov.kz
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Конституцияға қатысы бар адамдардың есімі туралы санақ жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар.
Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.
Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандарда. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам.
Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген.
Еске салсақ, Маңғыстау облысында референдум күні туған балаға Атазаң деген есім қойылған еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде