Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда арнайы жасақ мейрамханаға басып кіріп, қонақтарды «тұтқындаған» видео желіде тарап кетті (видео)

Желіде «арнайы жасақтың» үйлену той қонақтарын тұтқындаған видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тойлардың бірінде ерекше қойылым қойылыпы, «арнайы жасақ» мейрамханадағы қонақтарды тұтқындады.

Видео кадрларынан тойдың ортасында ер адамның «жол полициясымен» ерегісіп қалғанын көруге болады. Осы кезде полицей әріптестерін көмекке шақырып, мейрамханаға «арнайы жасақ» басып кіреді. Олар ер адамды ұстап алып, залдың ортасына сүйрейді. Мұнан кейін көңілді әуен қойылып, «арнайы жасақ» билей жөнеледі.

Қойылым барысында той қонақтарының сабыр сақтағанына қарағанда, оларға «арнайы жасақ» туралы алдын-ала ескертілген болуы мүмкін. Бәлкім, актерлердің ойынына таңданбаған болар.

 

«Қазақ тойларындағы ерекшелік пен бәсекелестік туралы айтарға сөз жоқ», «Жақында еш мақтанышсыз өткен той ерекше саналатын шығар. Осы ерекше сияқты», «Шынай емес. Алғашқы сәттен-ақ қойылым екені білініп қалды», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Астанада құлаған лифтіге байланысты әкімнің орынбасары кешірім сұрады

Мешіт имамының шетелдік актрисаға көзқарасы көпшіліктің қызу талқысына түсті

Ақтөбеде мүгедек балалардың ата-аналары шу шығарды

Қарағандыда 5 жасар қызды айуандықпен зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Талқылау