Ақтөбеде мүгедек балалардың ата-аналары шу шығарды

Бүгін Ақтөбеде мүгедек балалардың ата-аналары «сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына» басып кірді. Жергілікті билікке мұңдарын естірте алмаған соң,  осындай қадамға барғандарын айтады. Ашынған жұрттың жанайқайын тілшіміз тыңдап қайтты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жиырмадан астам мәселелерін жіпке тізіп әкелген ата-аналар мүгедек балаларына мемлекеттен берілуге тиіс көмекті ала-алмай отырғандарына наразы. Шыдамның шегінен шыққан мәселелеріне жауапты орындардан жауап алмай кетпейтіндерін айтады. Сондықтан осы күнге дейін әркімнің есігін қағып, естір құлақ таппаған жандар бүгін амалсыз жиналуға тура келді дейді. Мәселен Нәзира Жайлыбаева науқас балама төрт жылдан бері бір де бір көмек көрсетілмеді деп ашулы.

«Баламда синдром Дауна. Туылғалы ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Тегін жөргек беріледі ғой. Мысалы, оны да алған жоқпыз. Ешқандай реабилитацияға да жіберген жоқ. Балам төртке толады», – дейді тұрғын Нәзира Жайлыбаева.

Ашынған жұрт балаларымызға тегін берілетін арба, жөргек қапты айтпағанда ,тіпті ақысыз берілуге тиіс ем мен дәрі-дәрмекке дейін өзіміз сатып алып отырмыз дейді. Сондай-ақ, ата-аналар Ақтөбеде тегін көрсетілетін медициналық көмектің нашарлығын да айтады. Тіпті жылдап күтуге тура келетін квотаға да жете алмай, Алматы мен Астанаға өз қаржымызбен барып келіп жатырмыз дейді. Сондықтан жергілікті биліктен сал ауруына шалдыққан балаларға арнап сауықтыру орталығын ашып беруді сұрайды.

«Ең қажетті қызметтерді ұсынатын, он екі ай бойы жұмыс істейтін кәдімгідей дұрыс орталық ашса. Біз күнде барып тұрсақ, тіпті осы жерге келмес те едік», – дейді тұрғын Гүлсаян Ыбырай.

Осылайша іштеріне толған мұңдарын шағып келгендерді қабылдаған қалалық үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы бірінші жауап емес, есеп беріп бастаған еді, ашулы ата-аналарға бұл жаға қоймады.

«Кейбір мәселе біздің қолымызда, кейбір мәселені біз шеше алмаймыз. Мәселелеріңізді мен жеткіземін», – дейді Ақтөбе қалалық үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Нәйлә Бөртебаева.

Осылайша мәселенің себебін түсіндіріп жатырмыз деген мамандар «біздің қолымыздан ештеңе келмейді» деп шығарып салды. Бар айтқандары бүгінгі шағымдарын жоғарғы жаққа жеткізеді. Ал статистикаға сүйенсек, Ақтөбе облысында барлығы 21 000 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның мыңға жуығын сал ауруына шалдыққан балалар құрайды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 5 жасар қызды айуандықпен зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Жер дауы: Екі жыл бұрын бас көтерген халықтың талабы орындалмаған

Жағдайы жоқ жанұялардың наразылығына шенеуніктер жауап қатты

Теңге қайта күшейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар