Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында кен орынында 19 жастағы жігітті бульдозер басып кетті

Атырау облысындағы Теңіз кен орынында жұмыс істеп жатқан 19 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Теңізшевройл нысандарында жер қазу жұмыстарымен айналысатын «SA Constraction Group» компаниясының жұмысы кезінде қайғылы оқиға орын алды. Транспорт қозғалысын бақылап тұрған Маңғыстау облысының 19 жастағы тұрғынын артқа қарай жүрген бульдозер басып кетті. Ауыр қозғалатын машина жігітті контейнерге жабыстырған. Ол дәрігерлер келемін дегенше көз жұмды”, – деп хабарлады облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.
Қазіргі таңда адам өлімі дерегі негізінде тексеріс басталды.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда трамвай тағы бір жеткіншекті қағып кетті

Алматыда автобуспен соғысқан көліктің күл-талқаны шықты

Көкшетау тұрғынын тиісті орган қызметкерлері қаңғыбастар зиратына көміп тастаған

Шымкентте тоғыз жасар бала пойыз астына түсіп аяғынан айырылды

Талқылау