Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобуспен соғысқан көліктің күл-талқаны шықты

Алматыдағы Райымбек даңғылынан төменгі жақта Сүйінбай даңғылы бойында жеңіл көлік пен жолаушы автобусы соқтығысты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшілеріне оқиға куәгерлері хабарлаған.

Апаттың куәгерлерінің айтуынша, алдыңғы жолда басқа автобустары тұрғандықтан №71 бағыттағы автобус аялдамаға жетпей тоқтаған. Оның артына бар жылдамдықпен  жеңіл автокөлігі келіп соғылады.

Жол апаты кезінде үш адам зардап шекті. Автобус жүргізушісі мен жолаушысы бірден ауруханаға жеткізілді. Кондуктор қыз ауруханаға барудан бас тартқан, бірақ кейін оның жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

Жағдайдың мән-жайын Алматы полицейлері тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Денесі даладан табылып, туысы жоқтардың қатарына қосылған

Шымкентте тоғыз жасар бала пойыз астына түсіп аяғынан айырылды

Астанада автобус мен көлік соқтығысып 11 жасар бала қайтыс болды

Атырауда жеңіл көлік жолға шыға келген жылқымен соқтығысты (видео)

Талқылау