Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жеңіл көлік жолға шыға келген жылқымен соқтығысты (видео)

20 қыркүйек күні кешкі 23:10 кезінде вокзал маңында “Фольксваген Поло” маркалы автокөлік жылқыны соқты. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көліктің артында келе жатқан Toyota Prada-ға да зақым келген.

Безымянный

“Қазіргі таңда жылқының иесі анықталды. Ол Ардагер ықшамауданында тұратын 71 жастағы тұрғын екен. Үй жануарының иесі туралы ақпарат көлік иесіне берілді. Іс азаматтық тәртіпте шешіледі”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Көлік иесінің айтуынша, көліктің жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспаған. Ат жолға кенеттен шыға келгендіктен, ол көлікті тежеп үлгермепті. Желі қолданушылары да жануар иесінің жауапкершілігі жоқтықтан апат болды деп есептейді.

“Жылқы деген кең далада жүрмеуші ме еді. Қала оның орыны емес ғой. Әрине атқа обал. Бірақ бұл жерде кінә оның қожайынында болып отыр. Енді барлық шығынды көлік иесіне төлеп берсін”, – деп жазады желі қолданушысы.

Оқи отырыңыз:

Алматыда троллейбус студент қызды қағып кетті (фото)

Қостанайда қайнап тұрған суға күйіп қалған 10 айлық сәби шетінеп кетті

Астанада 5-ші сынып оқушысы тоққа түсіп, қолынан айырылды

Теміртауда мектеп жанынан адам мәйіті табылды

Талқылау