Павлодарда трамвай тағы бір жеткіншекті қағып кетті

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 8:01

Павлодарда трамвай тағы бір баланы қағып кетті. Анығында, жеткіншек көліктің астына әдейі секірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер баланың жасы шамамен 11-12-де. Абырой болғанда, бала дін аман, жол-көлік оқиғасынан кейін ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Оқиға кешкі сағат 19.00 бен 19.30 аралығында 1 Май көшесінің бойында (Лермонтов көшесіне жақын жерде) орын алды. Жеткіншек «Манақбай базарына» бет алған трамвайдың астына өзі түскен. Лермонтов аялдамасына 50 метр қалған кезде баланы көрген трамвай жүргізушісі көлікті тоқтатқан. Бұдан кейін бала рельстен алшақтапты. Алайда жүргізушінің сөзіне қарағанда, трамвай орнынан қозғала бергенде ер бала көліктің астына өзі секірген.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, болған оқиғадан жүргізуші есеңгіреп қалған. Ал болған оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

«Жеткіншек бағананың қасында тұрды. Ол жерде жүргіншілер жолағы да, шектеу белгісі де жоқ. Бала трамвайдың астына әдейі түсті. Куәгерлердің бірі оны алып шықпақ болғанда, бала жерде ішімен жатты», – деді куәгердің бірі.

Еске сала кетейік, қыркүйектің басында Павлодарда трамвай апалы-сіңлілі қос қызды қағып кетті, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда автобуспен соғысқан көліктің күл-талқаны шықты

Денесі даладан табылып, туысы жоқтардың қатарына қосылған

Шымкентте тоғыз жасар бала пойыз астына түсіп аяғынан айырылды

Астанада автобус мен көлік соқтығысып 11 жасар бала қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Транвайдың астына секіргенше биік үйдің төбесінен секірмей ме екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар