Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аттракцион қақ ортасынан бөлініп кетіп, 23 адам жарақат алды (видео)

Аттракцион қақ ортасынан бөлініп кетіп, 23 адам жарақат алды

Видеодан скрин

Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park саябағында "360 градус" аттракцион сынып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oxu.Az Khaleej Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға салдарынан 23 адам жарақат алған.  

Оқиға болған сәт видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, адамдар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді. Құлау кезінде адамдардың қорқыныштан айқайлаған дауысы естілген.


Екі рет күрделі ота жасалған: Алматыдағы аттракционда кәмелетке толмаған қыз ми жарақатын алды


Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге анықталып жатыр. 

Еске салсақ, осыған дейін Қарағандыда балалар аттракционының кабинасы адамдармен бірге құлап кеткенін жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 18:21
Талқылау
`