Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда үш баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Атырау облысында өрттен көз жұмған үш балаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабымен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Айта кетсек, Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнында үш баланың мәйіті табылғаны хабарланған болатын. 

Кеше, 5 қазанда кешкі сағат 19:27 Махамбет ауданының Ортақшыл ауылындағы тұрғын үйдің жеке ауласына жиналған 22 орама шөп өрттенген.

"Оқиаға орнына аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілер сағат 19:45-те жетті. Өрт түнгі сағат 23:07-де сөндірілді. Алайда 6 қазан сағат 00:02-де Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелетке толмаған 3 баланың жоғалғаны туралы хабар түскен”, – деді төтенше жағдайлар департаменті.

Жоғалған 2014 жылғы – екі, 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылған. 


STAN.KZ
Сәрсенбі, 06 Қазан, 2021 12:30
Талқылау