Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қаланың қақ ортасында жас жігітті атып кетті

Атырауда 22 жастағы жігітті белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пистолет

Қанды оқиға бүгін түнде болған. Атырау қаласының Балықшы мөлтек ауданында 22 жастағы жігітті атып кеткен. Жарақат алған жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Сағат 00:00 шамасында 1999 жылы туған азамат облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқ оң жақ қабырғасына тиген. Оған медициналық көмек көрсетіліп, емханаға жіберілді”, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, күдікті 2000 жылғы жігіт. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Бұл бір түнде орын алып отырған Атырау облысындағы екінші қылмыс.

Түнде Жылыой ауданында жеті баланың анасын аяусыз пышақтап, өлтіріп кеткен болатын.

Талқылау