Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында дәретханадан табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы көшедегі дәретханаға тасталған нәрестенің жағдайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 3 қазанда көшедегі дәретханадан табылған шақалақ Индер аудандық ауруханасының босану бөлімінде жатқанын жеткізді. 

"Нәрестенің жынысы – ер. Бала ауруханаға түскенге дейін суықтап қалған. Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, алайда орташа ауыр деп бағаланып отыр”, – дейді басқармадан. 

Ал нәрестенің анасы – Индер ауданының 1990 жылғы тұрғыны аудандық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды.

“Қазір жаңа туған шақалақ та, анасы да дәрігерлердің бақылауына алынды. Оларға қажетті емдеу шарасы көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігімен (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетсек, бұған дейін Атырау облысында безбүйрек ана жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салғанын жазған болатынбыз. 

Талқылау