"Астана" Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды
Фото: fcastana.kz
Қазақстандық "Астана" футбол клубы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Молдованың "Зимбру" командасымен өткен екі кездесудің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жауапты ойын Кишинев қаласындағы "Зимбру" стадионында өтіп, елордалық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда-ақ астаналықтар басымдыққа ие болды: 18-минутта Джеффри Чинеду, ал 21-минутта Усман Камара гол соқты.
Айта кетейік, кездесуді бельгиялық төреші Брам ван Дриске бастаған қазылар алқасы басқарды.
Алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталғандықтан, "Астана" екі ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыру құқығына ие болды.
Келесі кезеңде қазақстандық команда Солтүстік Македонияның "Вардар" немесе Швейцарияның "Лозанна" клубтарының бірімен кездеседі.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”