Астана аэродромында әскери қызметкер оқ жарақатын алды
Фото: iStockphoto.com
Астана әуежайында әскери қызметкер жарақат алды. Оқыс оқиға қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметкер шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қазір оған барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды.
Оқиғаның барлық өзге жай-жапсары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жігітті күштеп әскерге әкетіп, артынша психиатриялық диспансерге жақындарының рұқсатынсыз жатқызып тастағаны туралы хабарлаған едік.
Арманжан Арықбай көзі нашар көретін анасын қарап жүрген. Бірақ оны Қонаевқа күштеп апарып, кейін Тараздағы №5513 әскери бөліміне жіберген. Бірнеше аптадан кейін ата-анасының келісімінсіз, ешқандай түсініктемесіз психиатриялық диспансерге ауыстырылды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
