Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жүргізушілеріне жаңа автобустардың кілтін табыстады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің технологиялық көлік бөлімі Саран қаласында шығарылған "Ютонг" маркалы сегіз жаңа автобуспен жаңартылды.

“АрселорМиттал Теміртау" АҚ Басқарма департаментінің Технологиялық көлік бөлімінің басшысы Болат Күленов жаңа көліктің кілтін жүргізушілерге салтанатты түрде табыс етті.

“Жаңа автобустар – бұл ең алдымен қауіпсіздік шараларын жақсартып, жолдардағы жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға көмектеседі. Ал қауіпсіздік біздің компания үшін өте маңызды”,– деді Болат Күленов.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің автобус паркін қайта жарақтандыруға арналған инвестициялық бағдарламасына 2 миллиард 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінбек. Бағдарлама аясында QAZ TEHNA зауытынан Yutong маркалы автобустарды сатып алу жоспарлануда.

Автобустар біздің климаттық жағдайларға бейімделген және салонның ұзындығы бойынша конвекторлары бар автономды жылыту және ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. Жаңа көлік Еуро 5 экологиялық стандартына сәйкес келеді.

Болат Күленовтың айтуынша жаңа автобустардың жүргізуші бригадалары ұзақ уақыттық тәжірибесі бар мамандар. Олар қауіпсіздік ережелері мен жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жұмысшылар арасынан таңдалып алынған.

Жүргізушілердің бірі Александр Видюк UTT-да 20 жыл жұмыс істеген.

“Жүргізушілер жаңа автобустарда қуана жұмыс істейді. Жабдықтардың заманауи екені бірден білініп тұр, кондиционерлер бар. Енді әріптестер жұмысқа ыңғайлы жағдайда жеткізіледі. Ал біз оларды сондай керемет жағдайда тасымалдайтын боламыз”, – деді Александр.