Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Түссеңдер болды деп еді": Арыста 8 немеренің әжесі жергілікті биліктің өзін алдағанын айтып шу шығарды (видео)

Арыстағы жарылыс кезінде екі бірдей үйінің күл-талқаны шыққан 8 немеренің әжесі жергілікті билік өзін алдап соққанын айтып ашынды, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшіcі.

 Арыста шу шығарған әйел

Сурет: Видеодан скриншот

Шымкенттен шыққан арнайы автобус арқылы Арысқа жеткен Нағима Әбдіхалықова далада қалдым деп жанайқайын жеткізді. 8 немеренің әжесі жергілікті билік баспана табылады деп алдап шақырып алды деп отыр.

«Кім бар мұнда Арыстан? Ешкімді көріп тұрғаным жоқ әкімшіліктен... Кеше айтты ғой, Арысқа түссеңдер болды деп. «Қала берейін, бірдеңе табылар» дедім. Жоқ, барыңдар. Сендерді бара салып мектепке орналастырамыз деді. Міне, екі айлық бөпе,  сегіз немерем шырылдап тұр. Екі үйім жарылып кеткен. Үйім бүтін болса, сонда барып отырар едім.

Неге мені алдайды? Әйтпесе туысымның үйінде қалатын едім ғой. «Қанша ағайын болса да, сегіз немереммен сыймаймыз ғой, одан да барайын. Үкімет бір жерді пана етіп береді ғой» дедім. Жарты сағаттан асты түскеніме. Балаларды қайда апарамын шырылдатып? Дайын жер болмаса неге апармайсыңдар адамды? Айтыңдаршы, сол жерге таксимен өзім-ақ барайын», - деді тұрғын.

Шақалақ сәбимен көшеде қалып қойған әйел әкімшілік маңындағы алаңда жанайқайын жеткізіп тұрған сәтте онда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те келіп жетті.  

«Балалар азаннан бері аш, таңғы бестен бері далада жүрміз. «Гостиница» немесе «Абай» мектебінің жатақханасына апарады деді. Тыңдап алыңыздар, мен кімнің үйіне барып жәутеңдеймін?» дегені сол облыс әкімі «жасаймыз» деп уәде беріп, қол астындағыларына тұрғынды балаларымен қоса өз көлігіне отырғызып, мәселені шешуді тапсырды. 

Айта кетейік, 28 маусым күні арыстық тұрғындардың алғашқы көші өз үйлеріне оралды.Оларды қалаға кіре-беріс аумақтан күтіп алған Мұрат Қадырбек тұрғындар бірнеше күнге жететін азық-түлікпен қамтылатынын айтты. Себебі жарылыстан соң қалған азық-түлікті тұтынудың қауіптілігі бар.


"Митинг кезінде бола алмадым": Арыс қаласының әкімі неге тұрғындармен кездеспей жүргенін айтты >>>
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр