Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қызының зорлықшымен бірге тұрып жатқанын айтты: Омбудсмен бас прокуратураға жүгінді

Омбудсмен Асқар Шәкіров бас прокуратура мен Маңғыстау облысының әкіміне жүгінді. Оған БАҚ-та облыстың бұрынғы тұрғынының мемлекет басшысына жазған хаты туралы тараған ақпарат себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анасы қызының азғынмен бірге тұрып жатқанын айтты: Омбудсмен бас прокуратураға жүгінді

Еске сала кетсек, бұған дейін 30 жастағы ана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, үлкен қызының зорлық үшін сотталған ер адамның үйінде тұрып жатқанын жазған. Айтуынша, қамқоршылық органдары қызын өзіне бермей отыр.

БАҚ-та аталған ақпарат тарап кеткеннен кейін амбудсмен Асқар Шәкіров бас прокуратурадан тексеріс жүргізуін сұрады. Сонымен қатар ол Маңғыстау облысының әкімінен істі жеке бақылауына алуды сұраған. 
«Омбудсмен Асқар Шәкіров бас прокуратураға және Маңғыстау облысының әкіміне мұқият тексеру жүргізіп, осы істі жеке бақылауға алу туралы өтінішімен жүгінді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ҚР жоғарғы сотының төрағасы арасындағы адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тиісті өтініш осы іс бойынша оның құзыреті бөлігінде жоғары сот органының атына жіберілді», - делінеді хабарламада.

Талқылау