Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамнан таяқ жедім": Маржан Арапбаева мектеп бітіру кешіндегі қателігі үшін жазаланғанын айтты

Маржан Арапбаева мектеп бітіру кешіндегі қателігі үшін жазаланғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Анасы мұғалім болып, мектепте абыройлы, білімді кісі ретінде танылғандықтан Маржан Арапбаева амалсыздан жақсы оқуға мәжбүр болған. Анасына сөз келтірмей өскен өнер иесі, ата-анасының үмітін ақтап, мектепті де жақсы бағаға бітірген көрінеді.

"Анам мұғалім болды. 35 жыл бойы тарих пәнінен сабақ берді. Мен анамды ренжітпеуге, артынан сөз келтірмеуге тырысатынмын. Төрт пен беске оқыдым", - дейді Маржан Арапбаева. 

Алайда, мектеп бітіру кешінен кейін таң ата үйге оралған Арапбаева ханымды анасы ұрып тастаған. Әншінің анасы жақсы оқыған ақылды қызының бұл қылығын ерсі әрекет деп ұғынған сыңайлы.

"Мектеп бітіру кешін ұмытылмастай өткіздік. Бірақ таңертең анамнан таяқ жегенім бар. Өйткені біз уақытында үйге келмей, таң атып, күн шыққанда үйге қайтқанбыз. Сол кезде анам алдымнан шыбықпен шығып, кәдімгідей мені ұрғаны бар", - деп шындығын айтты өнер иесі.

 

Талқылау