Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анама сөз қайтарсаң, сол күні-ақ талақ деймін": Арсен Акиев үйленер алдында әйеліне қандай талап қойғанын айтып берді

Қазақстандағы танымал жайдарманшы Мереке өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, бүгінде бір әулеттің ұйытқысы болып отыр. Үйленер алдында қыздың анасының ақ батасын алу үшін біраз сынақтардан өткен жұпқа бүгінгі күні сүйсіне қарайтындардың саны басым. Арсен "The Эфир" бағдарламасына берген сұхбатында анасын бәрінен биік ардақтайтынын ескере келе, Мереке оны сыйламаған жағдайда бірден ажырасуға дайын болғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұхбат барысында Мереке өзінің анасы жастардың арасында махаббат бар екеніне сенбегенін, Арсенге тұрмысқа шығуына қарсы болғанын айтты. Арсеннің анасымен қарым-қатынасы керемет, оны өте қатты құрметтейтінін тілге тиек етті. 

"Өзімнің туған анам сияқты ене жолықса деп Құдайдан сұрайтынмын. Анам келініне қыздарынан да жақын. (...) Киімі, шұлығына дейін әпереді. Шынымды айтсам  ондай енелерді көрген жоқпын. Осындай адам кездессе екен деп тілейтінмін. (...) Енем алтын адам, өте қатты жақсы көремін",— деді Мереке. 

Арсен үйленер алдында Мерекеге анасына қарсы шығып, сөз қайтаратын болса, бірден ажырасатынын ескерткен екен. 

"Анамды сыйламасаң, керек емес. Анама бір сөз қайтарсаң болды, сол күні талақ деймін дедім. Сол үшін де ол бірден көңілінен шығуға тырысты. Ол дұрыс деп ойлаймын", - деді Арсен. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мереке сүйіктісін кездестіріп, 180 градусқа өзгергенін айтқан еді. 
 

Талқылау