Алмазбек Атамбаев қамауға алынды
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) тергеу изоляторына қамалды.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ресми түрде сыбайлас жемқорлық үшін айыпталды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.
Оның айтуынша, ІІМ тергеушісі заңдағы ұры Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы қылмыстық іс қозғады.
«Айыптау негізсіз. Егер менің клиентім куәгер ретінде шақырылса, бірақ жауап алынбаған болса, оны қалай ақтауға болады? Оған бірден күдік туралы хабарлама берілді. Бұл бастапқыда жоспарланған сценарий. Бұл әрекеттер заңсыз, өйткені Алмазбек Атамбаевтың экс-президент ретінде дербес құқығы бар», - деді Сергей Слесарев.
Алмазбек Атамбаев басқа да қандай айыптауларға ұшырауы мүмкін екенін адвокат айта алмады.
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөптерді үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”