Алматылық ата-аналар қаланың қақ ортасындағы мектепте асхана мен дәретхана жоқ екенін айтып шулады
Алматының қақ ортасындағы мектеп оқушылары қара күзде далаға дәрет сындырып жүр. Өйткені, ғимаратта әжетхана жоқ. Құрылысшылар септік орнатуды ұмытқан ба, әйтеуір он жылдан бері балалар қысы-жазы сырттағы дәретханаға жүгіріп әлек. Тіпті, кірерде сөмке қоятын, шығарда қол жуатындай жағдай да қарастырылмаған.
Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.
Бұл ауыл не шағын қала емес. Алматының қақ ортасындағы №185 мектеп. Мектептің құрылғанына 10 жыл болған. Он жылдан бері мектептің үлкені де кішісі де осы әжетханаға барады. Бірақ айналасында қол жуатын құман да, басқасы да жоқ.
Білім ошағында маңызды іс-шара болып жатса да бізді көріп, төбе көрсетпеді. Шыр-пыр болып жүрген қолшоқпарлары. Әжетхананың ішін түсіріп қояды деді ме, әйтеуір учаскелік полицейлерді де шақырып қойыпты.
“Анау отыратын тесігі үлкен. Қорқады ата-аналар түсіп кетеді деп”, – дейді ата-ана Күміс Жанділдә. Ал Салтанат Байсақалова болса балаларына тіпті барма деп айтады екен.
Ал, бір емес төрт мектепке мұқтаж Алатау ауданының шенділері әжетханасыз білім ошағы туралы біледі. 2014 жыл Қарасай ауданынан қабылдағанда көрген. Төрт жылдан бері жүгіріп жүріп биыл ғана құрылысты бастадық, дейді.
“Сол кезден бастап қалалық білім басқармасынан ақша бөлуін сұраған болатынбыз. Қазіргі таңда шілде айынан бастап құрылыс жүріп жатыр 500 адамдық. Сол жерде туалет те, асханада қарастырылған”, – дейді Алатау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Аятов.
Қазір бес жүз балаға шақталған мектепте 1500 оқушы оқып жатыр. Шенділердің асханасы да болады дегеніне қарағанда, тамақ ішер орындары да жоқ деген сөз. Дегенмен ондаған жыл шешілмеген мәселе келесі жылы орындалады деп сендірді.
Оқи отырыңыз:
Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі
Петропавлда зират басындағы гүлдерді ұрлап сатумен айналысқан саудагер ұсталды
Петропавлда бір ғасыр бұрын бой көтерген үйді паналап келген тұрғындар қоныс тойын тойлауда