Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға жақын жерде бір тәулік ішінде алты жер сілкінісі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экстпедициясының станциялары 4-5 мамырдағы бір тәулік ішінде  Алматыдан 160-794 шақырым қашықтықта алты жер сілкінісін тіркеген.

thumbs_b_c_d3db2fcee85acfe6ef4baecffe7959fd

Алматыда жер сілкінісі болды Бастапқы екі жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 және 4,8, 4 мамыр күні сағат 12:52-де және 17:00-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 608 және 606 шақырым жерде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында болған. Кіндігі 5 километр тереңдікте болыпты.

Бейсенбі күні сағат 22:16-да сейсмографтар Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 794 километр қашықтықта қуаты 5,3 балл жер сілкінісін тіркеген. Кіндігі — 100 километр тереңдікте. Жұма 5 мамыр күні 00:23 және 05:39-да магнитудасы 4,5 және 4,3 екі жер сілкінісі Тәжікстан мен Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 622 және 160 шақырым жерде болды. Жер сілкіну кіндігі 5 және 15 километр тереңдікте. Жер асты дүмпулерінің сезілуі туралы ақпарат әзірге жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Мұхамеджан Тазабек қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді ақырзаман белгісі деп атады

Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қызға қан керек болып жатыр

Мүгедек жан Жеңіс күні құрметіне Уфадан Астанаға арбамен келе жатыр

Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханаға түсіп қалды

Талқылау