Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Алматы-Қостанай» пойызының 6 сағат бойы тоқтап тұруының себебі анықталды

Бүгін Ақмола облысының Есіл стансасында техникалық себептерге байланысты тұрып қалған «Алматы – Қостанай» жолаушылар пойызы 7 сағатқа жуық кешігіп келді.

Бұл туралы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматыдан Қостанайға бағыт алған жолаушылар пойызының «Есіл» стансасында 6 сағат бойы тоқтап тұрған.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, пойыздың вагон доңғалақтарынан ақау табылыпты.

««Есіл» стансасында 3 вагонның доңғалақтары ауыстырылды. Оның нақты себептері арнайы комиссияның шешімінен соң белгілі болады. Алматыдан Қостанайға аттанған пойыз 6 сағат 58 минут кешігіп келді», – деп хабарлады «Қазақстан Темір Жолының» баспасөз қызметі.

«Алматы-Қостанай» пойыз құрамы «Түрксіб Астана» ЖШС-ына тиесілі.

Естеріңізге сала кетсек, үш күн бұрын дәл осы жолаушылар пойызы «Есіл» стансасында кідірген.

Оқи отырыңыз:

Алматыда салтанатты түрде бас шырша шамы жағылды

Петропавлда «бала жоғалды» деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Желіде Астанадағы ірі базардың өртеніп жатқан сәтінің видеосы пайда болды (видео)

«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз 5 сағат бойы тоқтап тұр

Талқылау